Қазақстанда азаматтық алу үшін мемлекеттік тіл мен Конституцияны білуге қойылатын талаптар өзгереді
© Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР азаматтығына қабылдау немесе ҚР азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде, ҚР Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білудің көлемін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар жобасын дайындады.
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңының 17-бабының 14) тармақшасында Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудан немесе азаматтығын қалпына келтіруден бас тартудың негіздері:
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхат, егер өтініш білдірген адам ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын бастауыш деңгейде білмесе, қабылданбайды.
Түзетулер осы білім көлемін келесідей өзгертуді ұсынады:
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде кемінде 15 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін 20 балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемі кемінде 15 балл болып бекітілсін."
Еске салайық, қазіргі уақытта қазақ тілін бастауыш деңгейде білу кемінде 36 балл, ал Конституция негіздерін білу 9 баллдан кем емес.
Қазақстан тарихын білу деңгейіне қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:40, 21 қыркүйек 2026
Атырау облысында автобус пен арнайы техника соқтығысты: үш жолаушы ауруханаға жеткізілді
-
22:00, 21 қыркүйек 2026
Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті
-
21:56, 21 қыркүйек 2026
Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 22 қыркүйектегі жарыс кестесі
-
21:04, 21 қыркүйек 2026
Елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, өрт қаупі күшейеді
-
20:43, 21 қыркүйек 2026
Қазақстандық жеке сот орындаушылары мемлекеттен жарты миллиард теңгенің табысын жасырған





