Қазақстанда алимент төлеушілердің нақты кірістері анықталатын болады
© Фото: freepik
ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков 2026 жылғы 26 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алимент төлеушілердің нақты кірістерін жасыруына қарсы бақылау күшейтілетінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.
Сарапшы атап өткендей, алимент қарыздарын өндіріп алу мәселесінің бір себебі – кірістерді жасыру. Кейде азаматтар формальды түрде минималды жалақы көрсетіп, сол бойынша алимент есептеледі.
"Бүгін адамның кірістерін интеграциялап, ашық түрде қараусыз, қарызды өндіріп алу немесе нақты табысын дәлелдеу мүмкін емес. Сол себепті қазіргі таңда Еңбек министрлігі мен Қаржы министрлігімен интеграция жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитетімен қосымша мәліметтер – табыс, келісімшарттар туралы ақпарат алу қарастырылып отыр. Бұл нақты кірісті анықтауға және соған сәйкес сотқа арыз беруге мүмкіндік береді. Біз іс-шаралар жоспарын бекіттік, онда осы интеграция қарастырылған. Биыл басқа мемлекеттік органдармен де интеграциялауды жоспарлап отырмыз", – деді Мақсат Балабеков.
Бұған дейін Астанада ата-аналар 2,7 млрд теңге алимент қарызын өндірмегені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:02, 26 наурыз 2026
Еңбек министрі қолданыстағы зейнетақы жүйесіндегі тәуекелдер туралы айтып берді
-
17:46, 26 наурыз 2026
Найзағай мен жауын-шашын: Қазақстан бойынша 27 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
17:33, 26 наурыз 2026
Елімізде шамамен 3 млн өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат зейнетақы жарнасын төлемейді
-
17:21, 26 наурыз 2026
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шешіп алу: Министр ең төменгі жеткіліктілік шектерін арттыруды ұсынуда
-
17:09, 26 наурыз 2026
Ұлттық банк номиналы 10 000 теңге болатын ескі банкноттар бойынша жағымды жаңалықпен бөлісті





