Астанада жылыту маусымы 2 қазанда басталады

15:52, 1 қазан 2026
MKZ: 1569955

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

2026 жылғы 2 қазанда, жұма күні, Астанада жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 2 қазаннан басталады.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізіліп, желілерді жаңғырту шаралары жүзеге асырылған.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, 2 қазанға қараған түні елордада ауа температурасы +5°С-қа дейін төмендейді. Сонымен қатар 4 қазанға дейін қалада жаңбыр аралас қар жауады деп болжанып отыр.

28 қыркүйекте Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды жылыту маусымына дайындалуға шақырған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!