Қазақстан 2025 жылы ардагерлерге төленетін төлемдерді 17 миллиард теңгеге дейін ұлғайтады
© Сурет: gov.kz
2024 жылы Қазақстанда ардагерлерге, оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы аясында 16 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 120 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер, 26 506 басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, 41 594 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері бар. 2024 жылы ардагерлердің аталған санаттарына 16,7 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);
жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 27 875 теңге);
- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:14, 15 қараша 2025
Дастан Сәтпаев Бельгиямен матчта есеп ашып, Қазақстан құрамасындағы алғашқы голын салды
-
19:16, 15 қараша 2025
Тоқаев “Келешек мұрасы” халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты
-
18:46, 15 қараша 2025
Орталық Азия және Әзербайжан басшылары Ислам өркениеті орталығына барды
-
18:01, 15 қараша 2025
Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында екінші қола медалін жеңіп алды
-
17:30, 15 қараша 2025
Ақмола облысында 14 жастағы оқушы қызды өлтірген күдікті ұсталды





