Қазақстан жер қойнауын төрт жыл заңсыз пайдаланғандар мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірді

10:27, 8 шілде 2026

© Фото: pexels

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы темір кенін заңсыз өндірудің көпжылдық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында облыстағы кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы лицензиясыз темір кенін заңсыз өндіріп, оны шетелге экспорттап келгені анықталды.

Соның салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

"Іс бойынша үш күдікті қамауға алынды. Құны 360 млн теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды", – делінген Қарағанды облысы прокуратурасының 2026 жылғы 8 шілдедегі ресми хабарламасында.

Нәтижесінде Қарағанды облысы Шет аудандық соты үш айыпталушыны жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!