Қазақстан Ставропольде өткен халықаралық фестивальде жеңіске жетті: El Voice тобы Гран-при иегері атанды
© Фото: zakon.kz
Қазақстандық El Voice вокалдық тобы Ставрополь қаласында өткен "Солдатский конверт" атты халықаралық байқау-фестивальде Гран-при жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Топ құрамында "Астана Опера" театры хорының әртістері Әмре Алғи мен Ардақ Төлепбергенов, солист Нұрсұлтан Әнуарбек, сондай-ақ Е.Рахмадиев атындағы филармонияның солисі Алтынбек Арыстанбек өнер көрсетті. Ұжым "Ансамбльдер" номинациясында топ жарып, "Ана туралы баллада" туындысын терең тебіреніспен орындап, қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қазақстандық өнерпаздар сахнада шынайы драматургия тудырып, ананың перзентінен айырылғандағы қайғысын, сағынышын әсерлі жеткізе білді. Дауыстардың үйлесімділігі, көркем образды терең меңгеруі мен жоғары деңгейдегі вокалдық шеберлік нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл жеңіс отандық ансамбль үшін айтулы жетістік болды. Биылғы фестивальге 800-ге жуық өтінім келіп түскен. Соның ішінен финалдық кезеңге небәрі 13 солист пен 13 ансамбль ғана жолдама алған. Байқауға Ресейдің 15 өңірінен және Армения, Грузия, Беларусь, Өзбекстан мен Қазақстаннан өнерпаздар қатысты.
"Астана Опера" хорының әртістері үшін бұл байқауға қатысу — тек маңызды шығармашылық сынақ қана емес, сонымен қатар Қазақстанды халықаралық аренада музыкалық дәстүрі терең, кәсіби орындаушылық мәдениеті жоғары ел ретінде танытудың бірегей мүмкіндігі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





