Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылу жөнінде ешқандай шешім қабылдаған жоқ

15:55, 6 шілде 2022

© Сурет: kremlin.ru

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Қазақстан біз үшін дос ел болып қала береді», – деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан әлі Ресейге қарсы санкцияларды қолдау туралы шешім қабылдаған жоқ. Елдер, керісінше, ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті, деп хабарлады Кремль өкілі, деп жазды РИА Новости.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ресейге жекелеген тауарларды жеткізуге қатысты санкциялардың орындалуын реттейтін бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға жариялаған болатын. Песковтан «Кремль бұл бастаманы талқылауды қабағалап отыр ма?» деген сыңайда сұрақ қойылды.

Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ, керісінше, өзара іс-қимылымызды одан әрі кеңейту, шетелден келетін сын-қатерлерге бірлесіп жауап беру және осы жағымсыз әрекеттердің салдарын барынша азайту туралы абсолютті ниет жариялануда. Қазірше осыны негізге аламыз. Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков

Кремль өкілі екі елдің үкіметтері «тұрақты байланыста» деп атап өтіп, бір күн бұрын «Иннопромда» Ресей-Қазақстан үкіметаралық келіссөздері болғанын еске салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!