Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуын жалғастырады
ҚР Үкіметі "Экспорттық көлемдерге пропорционалды орта, ірі және алып кен орындары үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы" Қаулы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Қабылданған тәсіл ҚР ішкі нарығының мұнай өнімдерінің қажетті көлеміне деген қажеттілігін, сондай-ақ өндірудің табиғи төмендеуі кезеңіндегі ірі жобалар мен ескі кен орындары үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қабылданып жатқан шаралар қазақстандық кен орындарының апаттық тоқтау қауіптерін қысқартуға және қазақстандық мұнай экспортынан келетін ақша қаражатының тұрақты түсуін қамтамасыз етуге жол ашады.
Қазақстанда және басқа елдерде мұнайды қысқарту бойынша бұған дейін қабылданған шаралардың арқасында мұнай бағасының динамикасында оң үрдіс (23.06.2020 ж. жағдай бойынша Brent маркасының бағасы 42,23 долл/барр құрады) және мұнай нарығындағы теңгерімсіздіктің азаюы байқалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады