Қазақстан мен Сент-Китс және Невис визалық талаптардан босату туралы келісімді бекітті

12:53, 26 қараша 2024

© Сурет: flickr/Michael Au

Үкіметтің 2024 жылғы 20 қарашадағы қаулысымен Қазақстан Үкіметі мен Сент-Кристофер (Сент-Китс) және Невис Федерациясының Үкіметі арасындағы қысқа мерзімді визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісім тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары, жарамды жол жүру құжаттарының иелері бірінші келген сәттен бастап 365 күн ішінде әрбір кезең ішінде 90 күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге екінші тараптың аумағына бір немесе бірнеше рет келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылатынын көздейді.

Екінші Тарап мемлекетінің аумағында көрсетілген ең жоғары кезеңнен ұзағырақ қалуға ниет білдіргендер екінші Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға тиіс.

Бұл ретте екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне тағайындалған дипломатиялық немесе қызметтік паспорттардың иелері аккредиттеудің бүкіл кезеңі ішінде екінші тарап мемлекетінің аумағы арқылы кіру, шығу және транзитпен жүру үшін визалық талаптардан босатылады.

Осы тармақтың ережелері олардың отбасы мүшелеріне және олардың асырауындағы адамдарға, жарамды дипломатиялық немесе қызметтік паспорттардың иелеріне де қолданылады.

Қазақстанның жарамды жол жүру құжаттары:

  • дипломатиялық паспорт;
  • қызметтік паспорт;
  • ҚР азаматының паспорты;
  • қайтару туралы куәлік (тек ҚР-ға оралу үшін);
  • теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді көшірме бойынша).

Сент-Кристофер (Сент-Китс) және Невис Федерациясының жарамды жол жүру құжаттары:

  • дипломатиялық паспорт;
  • ресми төлқұжат;
  • Сент-Кристофер (Сент-Китс) және Невис Федерациясының азаматының төлқұжаты;
  • уақытша жол жүру құжаты, Сент-Кристофер (Сент-Китс) және Невис Федерациясына оралу үшін жарамды жол жүру құжаты (тек Сент-Кристофер (Сент-Китс) және Невис Федерациясына оралу үшін);
  • теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді көшірме бойынша).

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сент-Кристофер (Сент-Китс) және Невис Федерациясы — Кариб теңізінің шығысындағы кіші Антиль архипелагының солтүстік бөлігінде орналасқан. Экономиканың ең дамыған саласы – туризм. 2022 жылы елге 530 мыңнан астам турист келді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!