Қазақстан мен Қытайдың ірі мегаполистерінің бірі арасында жаңа әуе бағыты ашылады

16:22, 20 шілде 2026
MKZ: 1557058

© Сурет: pixabay

Қазақстандық FlyArystan лоукостері Алматы – Чунцин – Алматы бағыты бойынша жаңа халықаралық рейсті іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы рейс 2026 жылғы 23 қыркүйекте орындалады.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстер аптасына екі рет қатынайды:

  • Алматыдан – сәрсенбі және сенбі күндері;
  • Чунциннен – бейсенбі және жексенбі күндері.
  • Чунцин – Қытайдағы ең ірі мегаполистердің бірі. Қала жыл сайын миллиондаған туристі қабылдайды.

Алматыдан Чунцинге дейінгі ұшу ұзақтығы шамамен бес сағатты құрайды.

Еске салайық, бұған дейін, 2026 жылғы 14 шілдеде, қазақстандықтар үшін Қара теңіз жағалауына жаңа тікелей әуе бағыты ашылғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!