Қазақстан мен Армения СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

11:33, 24 тамыз 2024

© Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!