Қазақстан – Грекия: Шешуші матч қай арналардың тікелей эфирінен беріледі

19:23, 18 наурыз 2024

© Сурет: kff.kz

Футболдан 2024 жылғы Еуропа Чемпионатының жолдамасы үшін екі құрама 21 наурыздан 22-не қараған түні өзара бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия құрамаларының кездесуі қай арнадан көрсетілетіні белгілі болды.

2024 жылғы Еуропа Чемпионатының жолдамасы үшін екі құрама 21 наурызда өзара бақ сынайды. Шешуші ойынды 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35-те "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

Қазір ұлттық құрама Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Оқу-жаттығу жиыны аясында отандық футболшылар жолдастық кездесуде Түркіменстан командасын 2:0 есебімен жеңді.

Кейіннен оқу-жаттығу жиынына Бақтияр Зайнутдинов пен Абат Айымбетов келіп қосылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!