Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Әлем кубогының кезеңіне дайындықты бастады

10:30, 4 маусым 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жиын қазақстандық боксшылар үшін Әлем кубогының екінші кезеңі алдындағы соңғы дайындық кезеңі болмақ.

Бұл жиынға 19 елдің ұлттық құрамалары қатысады. Олардың ішінде АҚШ, Канада, Бразилия, Өзбекстан, Италия, Франция, Оңтүстік Корея елінің боксшылары бар.

Қазақстан атынан Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Элина Базарова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Лаура Есенгелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова қатысуда.

Айта кетейік, Әлем кубогының екінші кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!