Қазақстан десантшылары Ұлыбритания өткен жарыста үздік үштік қатарынан көріне білді

© Сурет: ДШӘ
Қазақстандық десантшылар Ұлыбританиядағы Уэльсте өткен беделді халықаралық "Кембрий патрулі" жарысында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды – екі апта сабақ бойы жалпы жағдайға кіріспе, қауіпсіздік шаралары, қару-жарақтың материалдық бөлігін үйрену, топография, тактикалық және медициналық дайындық сабақтары өтті. Жарыстың белсенді кезеңі 10-12 қазан аралығында өтті.
Биылғы жылы жарысқа 38 елден 100-ден астам команда қатысып, оның ішінде 12 үздік команда финалдық сынға шықты.

Сурет: ДШӘ
Құрамында 8 жауынгері бар Қазақстан командасы жауынгерлік міндеттерді орындай отырып, ұзындығы 70 шақырымнан асатын бағытты еңсерді. Жауынгерлердің әрқайсысы 30 келіден астам жүк көтерді. 48 сағат ішінде әскери қызметшілер химиялық және биологиялық қауіп-қатер кезіндегі іс-қимылды, шабуылдау операцияларын және жету қиын жерлерде бағдарлаумен қоса, күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Әр 8-10 шақырым сайын қатысушылар жауынгерлік машық пен төзімділікті көрсетуді қажет ететін жаңа тапсырмаларға тап болды.

Сурет: ДШӘ
Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері барлық сынақтарды ойдағыдай орындап, жақсы дайындық пен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті. Жарыстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша қазақстандық команда қола жүлдеге лайық деп танылды.

Сурет: ДШӘ
"Кембрий патрулі" – 60 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан ең беделді және күрделі әскери жарыстардың бірі. Жыл сайын осы жарыс әлемнің түкпір-түкпірінен әскери барлау бөлімшелерінің басын қосады. Бұл жарыс әскери шеберліктің көрсеткіші және қазақстандық әскери қызметшілердің машығы мен жауынгерлік дайындық деңгейінің жоғары екенін растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:40, 17 мамыр 2025
Полиция заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты: төлқұжаттар, мөрлер мен ақша тәркіленді
-
11:09, 17 мамыр 2025
Қылышпен семсерлесуден Мадридтегі Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
-
10:38, 17 мамыр 2025
Қазақстан Президенті 72 жасқа толды
-
10:19, 17 мамыр 2025
СҚО-да мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды: онымен байланыста болған мыңнан астам адам есепке алынды
-
09:40, 17 мамыр 2025
Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғап жатыр