Қазақконцерт ұжымының БҚО бойынша концерт турнесі Бәйтерек және Тасқала аудандарынан бастау алды

15:52, 29 наурыз 2023

© Сурет: Өңірілік коммуникациялар қызметі

БҚО әкімдігі, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив басқармасы қолдауымен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өтіп жатқан ізгі шара ауыл тұрғындарының көңілінен шығуда.

Өнерге жанашыр Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов бастаған ел азаматтары және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұжымды «Ақжайық ару мекенім» әнімен қарсылады. Концерттік бағдарлама мемлекеттік «Астана сазы» ансамблінің орындауында Құрманғазының күйімен ашылып, Әлібек Дүйсенбайдың арнауымен жалғасты. Кеш барысында ансамбль әртістерінің орындауындағы халық күйлерінен попури орындалып, көрермендердің лайықты бағасына ие болды. Дәл осы күні аты аңызға айналған Қазақконцерт ұжымның әсерлі кеші Тасқала ауданында жалғасты. Қазақ эстрадасының жұлдызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бағдат Самиденова, Меломен тобы, Астана сазы ансамблінің әртістері тасқалалық көрермендерді тәнті етті. Концерт соңында аудан басшылығы Қазақконцерт ұжымына алғысын білдірді.

Өңірімізге гастрольдік іс-сапармен келген Қазақконцерт ұжымының «Ел бірлігі- Жаңа Қазақстан» жобасы аясындағы концерті Жаңақала ауданы, Ақсай қаласында өтті. Концерт барысында халық арасында кеңінен тараған ән мен күй шырқалып, жиналған көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 29 наурыз күні аты әйгілі ұжымның өнерпаздары Орал шаһарындағы «Атамекен» өнер ордасында өнер көрсетпек. Ұжымның гастрольдік іс-сапары 30 наурыз күні Сырым ауданында аяқталатын болады. Қазақконцерттің гастрольдік сапарлар 1 - 6 сәуір аралығында Ақтөбе облысында жалғасын табады.

Айта кетейік, жоба шеңберінде республика көлеміндегі 28 аудан, 29 моноқала, 20 облыс орталығы қамтылады деп күтілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!