KAZ Minerals шахтасында бір жұмысшы қаза болды

11:46, 31 мамыр 2026

© Фото: zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, "Шығыстүстімет" кәсіпорнына қарасты шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшылардың бірін басып қалған. Оқиғадан кейін учаскедегі жұмыстар уақытша тоқтатылды.

Қазір арнайы комиссия құрылып, апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Компания марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, соңғы айларда KAZ Minerals компаниясының өндірістік нысандарында адам өліміне әкелген бірнеше оқиға тіркелді. 9 мамыр күні жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң және желдету қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат салдарынан көз жұмған.

Ал 27 сәуірде компанияға қарасты Орлов шахтасында тау массасы опырылып, екі жұмысшы үйінді астында қалған. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапса, екіншісіне медициналық көмек көрсетілген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!