Көңілдестерінің аты аталады: Бишімбаевтың бұрынғы жұбайының кітабы жарияланбақ
© Фото: zakon.kz
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Каһарман кітап жазып жатқанын айтты. Онда ол өзінің жеке басындағы жағдайларды егжей-тегжейлі сипаттап, оның ішінде бұрынғы жұбайының ықтимал көңілдестері туралы ақпаратты да ашып көрсетпек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
Өз жазбасында Назым аталған адамдар легінің бір бөлігінің есімдері кітапта еш өзгертілместен көрсетілгенін айтады. Бұл ретте ол жеке деректерді ашып көрсетуге байланысты қозғалуы ықтимал сот талаптары бойынша заңгерлермен алдын ала кеңесіп, арадағы алмасқан хат-хабарлардың скриншоттары түрінде қолында растаушы материалдар бар екенін атап өтті.
"Менің бұрынғы күйеуімнің көңілдестері сіздер үшін және сіздер туралы Reels болмақ. Сіздер менің кітабымда жүрсіздер, бәріңіздің де аттарыңыз аталады! Күзде кітабымның тұсау кесер рәсімі болады. Мен сіздерге ешқашан хат жазып немесе бетпе-бет келіп, шаштарыңызды жұлған емеспін (бірақ бұл мен ештеңені білмейді дегенді білдірмейді), бұл ретте тек бұрынғы күйеуіммен алыстым, дұрысы сол емес пе? Бірақ көңілдес деген қауым үйлен ер адаммен қарым-қатынас түзе отырып, жеке таңдау жасайды. Ал бұл біреудің кітабында жүруіге негіз бола алады. Тек есімдері, ал кейбіреуі қысқартылған аттарымен беріледі, оны өзгертіп жатпадым, бірақ тегін жарияламадым", – деп жазады Каһарман.
Оның айтуынша, кітап автофикшн жанрында жазылады, онда автордың өміріндегі нақты оқиғалар көркем сөздермен араластырылып беріледі. Қолжазба қазір баспаға жолданған, ал кітапты басып шығару уақыты 2026 жылдың күзіне жоспарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:50, 30 мамыр 2026
ТЖМ тікұшағы Қарағандыдағы ауруханаға науқасты шұғыл жеткізді
-
13:58, 30 мамыр 2026
Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогының қола жүлдегері атанды
-
12:55, 30 мамыр 2026
Үй жинаймын деп хантавирус жұқтырып алмаңыз - дәрігер
-
12:41, 30 мамыр 2026
Ақтау мен Алматыдағы пластикалық отадан кейінгі кісі өлімі: Жоспардан тыс тексеру шаралары басталып кетті
-
11:46, 30 мамыр 2026
Жаңа Конституция: Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін





