Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі: Зейнолла Идрисов күміс медаль жеңіп алды

09:51, 31 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Идрисов Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда күміс медаль жеңіп алды.

Идрисов финалда өз өнері үшін төрешілерден 14.133 ұпай алды. Бұл жүлде Қазақстан үшін аталған турнирдегі алғашқы медаль болды.

Осы бағдарламада Нариман Құрбанов жетінші нәтиже көрсетті - 13.233.

Хорватиялық Матео Зугеч жарыс жеңімпазы атанды - 14.166. Ал үздік үштікті 14.100 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Джошуа Нэтан түйіндеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!