«Қатты шаршап кеттім...». Аязды күні қызын далаға қуған ана көптен кешірім сұрады
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің қатыгез әрекетін түсіндіріп, көптен кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.
Желіде аязды күні жалаңаш далада отырған қыз баланың суреті пайда болып, көптің талқысына түсті. Тексере келе, әйел адам баласын осылайша жазаламақшы болғаны белгілі болды.
Ол бұл жайт өзіне сабақ болғанын айтып, өз ісіне өкінетінін жеткізді.
- Қатты шаршап кеттім, ақша деген түкке жетпейді, пәтерақы, жын қуғандай, тез жетіп келеді, үнемі жұмыс іздеуге тура келеді. Рас, кеше бар өшімді балалардан алдым. Бөтен біреулер балаларымды алып кеткенін қаламаймын. Мен қызымды суық далаға қуып шықтым, бұлай бәрі жалғаса беруі дұрыс емес екенін өзіме есіме салу үшін, - дейді ол.
Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын. Ол мұндай жағдайда сөз табу қиын екенін айтып, ойын қысқа қайырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 1 сәуір 2026
Қызылордада құрғақ шөп өртеніп, оттың жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі туындаған
-
22:18, 1 сәуір 2026
ҚМДБ қоғамда дау тудырған уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады
-
21:22, 1 сәуір 2026
Алматыда заманауи қазақ романдарының авторлары марапатталды
-
21:10, 1 сәуір 2026
«Көктайғақ, бұршақ, тұман». Бейсенбіде еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:48, 1 сәуір 2026
Көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды





