Қатаң карантин немесе қосымша шектеулер енгізіле ме - Үкімет жуық арада шешім қабылдайды

14:53, 30 маусым 2020

Еліміздегі коронавирусқа қатысты ахуал үш бағытта өрбуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар-24".

"Егер карантин енгізілмесе, тамыз айының соңына қарай күніне 27 мың адам вирус жұқтырады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұлай болған жағдайда қосымша 300 мың төсек орын қажеттігін айтады. Екінші сценарий - екі апталық қатаң карантин. Сол арқылы күніне 7 мың адам кесел жұқтырады. Қажетті төсек орындардың саны 80 мыңға жетеді. Бұл ретте, ең тиімдісі үшінші сценарий деді министр. Ел бойынша төрт апталық локдаун енгізілсе, күн сайын тіркелетін жаңа науқастар саны 2 жарым мыңның шамасында болады", - дейді ол.

Министрдің бұл ұсынысы қазір Үкімет жанындағы Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ведомствааралық комиссияның қарауына жолданған. Осыған байланысты комиссия елімізді қатаң карантин режиміне көшіру немесе қосымша шектеу шараларын қабылдау бойынша шешімді жағын арада қабылайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!