Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйледі
© Фото: zakon.kz
2026 жылғы 21 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына арнайы келіп, өңір тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Түркістанға деген ерекше ықыласын атап өтіп, қаланы "атажұртымыздың алтын бесігі" деп сипаттады:
"Бүгін атажұртымыздың алтын бесігі – Түркістан шаһарына тағзым ету үшін арнайы келіп отырмын. Ризамын. Менің Түркістанға ықыласым ерекше екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды осы өлкеден бастадым", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының киелі шаңырағы деп атап, оның халқымыздың болмыс-бітімі, қайсар рухы, теңдессіз мәдениеті мен елдік дәстүрінің көрінісі екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Президент Әзірет Сұлтан кесенесін түркі әлемінің берекелі тұтастығының символы ретінде сипаттап, әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің мол мұрасын шежірелі шаһардың рухани қазынасы деп атады.
"Төл тарихымызда есімі алтын әріппен жазылған тұғырлы тұлғаларымыз осы жерде мәңгілік мекенін тапқан", – деді мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:16, 21 наурыз 2026
Наурызда 300 ірі көлемді ағаш: Алматыда көгалдандыру жұмыстары жалғасуда
-
15:58, 21 наурыз 2026
Қайтадан жаңбыр мен қар: 22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
-
15:42, 21 наурыз 2026
Көлік полицейлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді
-
15:19, 21 наурыз 2026
Актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
-
14:57, 21 наурыз 2026
Атырау облысындағы отбасы қазасы: іс бойынша жаңа бап қосылды





