Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аударуды тапсырды

11:53, 29 наурыз 2023

© Сурет: Zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 29 наурызда жаңа шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тағы бір мәселе – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті, бізге оның алдын алу қажет. Қазір Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алған абзал. Біздің елде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады. Соның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кетеді. Мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды.Жаңа тариф саясатына көшу қажет. Оны дереу қолға алмасақ, ахуал одан әрі күрделене түсетіні анық." Президент

Сумен жабдықтау объектілерін және бүкіл су шаруашылығын цифрландырудың принципті маңызы бар. Суару каналдарын ауқымды реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды автономды басқаруға көшу, суды есепке алуды автоматтандыру, су ресурстарын пайдалануға квоталарды енгізу. Осы мәселелердің барлығы сапалы құқықтық және заңнамалық қолдауды қажет етеді, - деп ойын жеткізді Мемлекет басшысы. 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!