Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанымен шағын құрамда келіссөз жүргізді
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Оман Сұлтанының Қазақстанға алғашқы сапары маңызды оқиға екенін атап өтті.
"Аса мәртебелі Сұлтан, елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Сізді қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұның тарихи мәні ерекше екеніне сенімдімін. Өйткені бұл елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Бұған дейін атап өткендей, өзара ықпалдастықтың әлеуеті мол. Мұны толығымен іске асыру қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент екі елдің сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтты. Сондай-ақ қосымша тікелей әуе рейстерін ашудың маңызына тоқталып, Доңға мұнай кен орнына қатысты келісімді ортақ жетістік деп бағалады.
"Қазақстандықтар еліңізге ерекше құрметпен қарайды. Оманға саяхаттап барған азаматтарымыздың қатары қалың. Алайда Маскатты, Оманның басқа да қалаларын көрмеген отандастарымыз бар. Елдеріміз арасында қосымша тікелей коммерциялық әуе рейстері ашылса, барыс-келіс әлдеқайда жандана түсері сөзсіз. Сіздің сапарыңыз аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанынан хабардармын. Бұл да қос тараптың өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге мүдделі әрі дайын екенін көрсетеді. Мұны ортақ жетістігіміз деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Ол кейінгі отыз жылдан астам уақыт ішінде екіжақты қарым-қатынастың нығая түскенін атап өтіп, сапар аясында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылатынын жеткізді.
"Кейінгі отыз жылдан аса уақыт ішінде қарым-қатынасымыз айтарлықтай ілгерілеп, нығая түсті. Бүгінгі кездесуіміз қол жеткізілген нәтижелерді бекемдеп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сапар аясында өзара түсіністік жөніндегі бірқатар келісім мен меморандумға қол қоямыз. Сіздің қолдауыңызбен экономика, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орнатамыз деп сенемін. Біз екі ел арасындағы барыс-келістің артуына мүдделіміз. Президент мырза, жылы қарсы алғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Өзіңізбен жақын арада Маскат қаласында жүздесеміз деп ойлаймын", – деді Хайсам бен Тариқ Әл Саид.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:44, 6 қазан 2026
Қытайдан көлік әкелемін деп алдаған: Астанада автосалонның бұрынғы директоры сотталды
-
13:39, 6 қазан 2026
«ЖИ арқылы жасалған»: енді ChatGPT мәтіндерінде көзге көрінбейтін белгілер болады
-
13:35, 6 қазан 2026
Астанада ғимараттың төбесінен құрылыс материалдары көлікке құлады
-
13:26, 6 қазан 2026
Қазақстандықтардың шығыны табысына сай келмесе, не болады
-
13:20, 6 қазан 2026
Көрші мемлекеттің жеті азаматына Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынды





