Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады

11:01, 20 тамыз 2026
MKZ: 1562265

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Петер Мадьярға Әулие Иштван күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Петер Мадьяр мен барша мажар халқын ұлттық мерекемен құттықтады.

Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы саналады, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті түрлі бағытта одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Петер Мадьярдың жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!