Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшісін ауыстырды
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 13 сәуірде Қазақстан президенті Оңтүстік Кореядағы елшіні ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа елші болып Асет Женісұлы Исенали тағайындалды.
"Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Тағы бір жарлықпен Нұрғали Арыстанов Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2023 жылдан бері атқарып келген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Марғұлан Бақытұлы Баймұхан 1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Польшадағы Краков экономикалық университетін және Канаданың Ванкувер университетін тәмамдаған. Халықаралық басқару және бизнес әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолын "Daewoo Electronics" компаниясында маркетинг және коммерция менеджері ретінде бастаған. 1997 жылы Польшадағы "River System Ltd." компаниясында түрлі қызметтер атқарған.
1999 жылдан бастап дипломатиялық қызметте. Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Қазақстанның Польшадағы елшілігінде жұмыс істеген. 2017–2019 жылдары Қазақстанның Польшадағы елшісі болды. 2019–2021 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның Бельгиядағы елшісі, ЕО және НАТО жанындағы өкілі болды. 2025 жылдың тамызынан бері Таиландтағы елші әрі ЭСКАТО жанындағы тұрақты өкіл қызметін атқарып келеді.
2026 жылдың ақпанында Қазақстанның Кениядағы елшісі Руандаға қоса атқарушы елші болып тағайындалған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:13, 13 сәуір 2026
Құтқарушылар Алматы тауларында еңіске құлап түскен туристке көмекке келді
-
17:55, 13 сәуір 2026
Алматылық дәрігерлер қайшыға құлап, басынан ауыр жарақат алған екі жасар баланың өмірін сақтап қалды
-
17:39, 13 сәуір 2026
Италияда танымал UFC спортшысын тонап кетті
-
17:22, 13 сәуір 2026
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандырудың жаңа жүйесі сынақтан өткізілуде
-
17:09, 13 сәуір 2026
Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен олардың ұстаздары қандай сыйақы алады





