Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
© Фото: akorda.kz
20 наурыз күні таңертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі.
Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады.
Ата дәстүріміз бен асыл дініміз елдің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдар жасауға үндейді.
Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Мұның символдық мәні зор.
Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Ораза айт қабыл болсын! Қасым-Жомарт Тоқаев
19 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-не барып, еліміздің ғылыми қауымдастығы өкілдерімен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында ол елдің дамуындағы стратегиялық басымдықтарды айқындады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 20 наурыз 2026
Астана ауруханасында көз жұмған жасөспірімнің ісі сотта қаралып жатыр
-
10:45, 20 наурыз 2026
Қостанайлық бұрынғы әйелін атып өлтірді
-
10:38, 20 наурыз 2026
Алматы тұрғыны терроризмге қатысқаны үшін 8 жылға сотталды – ҰҚК деректері
-
10:23, 20 наурыз 2026
Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді
-
10:15, 20 наурыз 2026
Жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілер амнистияға іліне ме – парламент өкілінің пікірі





