Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялады
© Сурет: Іnstagram/qais_arr
2026 жылдың 14 қаңтарындағы агенттіктің таратқан ресми ақпаратына сүйенсек, сот оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайсар Қамза заңсыз құмар ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген.
Күдікті 5 жыл бойы "Instagram" әлеуметтік желісінде, "qais_arr" атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ "Telegram"-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.
Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен. ҚМА баспасөз қызметі
Осылайша, Қамза Қайсар азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.
Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.
Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.
Егер Сізге іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:24, 14 қаңтар 2026
Павлодар облысында өткен жылы алимент төлеуден жалтарған 247 борышкер анықталды
-
11:12, 14 қаңтар 2026
Танымал қазақстандық боксшы мансабын не себепті аяқтағанын түсіндіріп берді
-
11:07, 14 қаңтар 2026
Депутаттар «Алатау» қаласының арнайы мәртебесі туралы заң жобасын қарауға алды
-
10:59, 14 қаңтар 2026
Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылардың ата-аналарына маңызды үндеу жарияланды
-
10:50, 14 қаңтар 2026
ШҚО-да полиция тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен азаматты ұстады





