Танымал қазақстандық боксшы мансабын не себепті аяқтағанын түсіндіріп берді

11:12, 14 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/911.aktau

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов бокстағы мансабын аяқтау туралы шешімге не себепті келгенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 жастағы Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, кеңінен танылған болатын. Ал 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысып, кәсіпқой бокста алты жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның екеуінде қарсыласын нокаутпен ұтты.

Sportbugin.kz жазуынша, спортшы енді әуесқой бокстағы мансабын аяқтауға шешім қабылдаған.

"Жарақатқа байланысты мен әуесқой бокстағы мансабымды аяқтауды жөн көрдім. Бұл шешімді дәрігерлермен, бапкерлермен және отбасыммен ақылдаса отырып қабылдадым. Әйтпесе Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысқым келетін. Алайда бәрінің де бір күні аяқталатыны белгілі. Дегенмен, мен кәсіпқой бокстан мүлде кеттім деп айта алмаймын. Қазір ұсыныстар түсіп жатыр, мүмкін алдағы уақытта кәсіби рингтегі жекпе-жектерім жалғасуы ықтимал. Бұл менің қазіргі қызметіме кедергі келтірмейді", – деді спортшы.

Бұған дейін Қазақстандық бес теннисші Australian Open-2026 турнирінде бақ сынайтындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!