Карантин кезінде қыз ұзату тойын жасаған екі тұрғынға айыппұл салынды
Түркістан облысы тұрғындары тарапынан карантин талаптарына қарамай, той жасау жайттары орын алуда, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәселен, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд барысында үйінің ауласында туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, қыз ұзату жиынын жасаған тұрғынды анықтады.
Бұл жайтты полицейлер өздерінің күндізгі рейдтеріне кірісіп, үйлерді аралау барысында анықтаған.
Дәл осындай жайт Кентау қаласында да орын алды. Жергілікті тұрғын Кентау қаласындағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойын жасағаны анықталды. Тәртіп сақшылары осы екі жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған тұрғындарға ҚР ӘҚБтК-нің 425–бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша хаттама толтырды.
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға карантин кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырады. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулығы үшін дұрыс болмақ.
Облыстық ПД жеке құрамы күшейтілген режимдегі қызметін жалғастыруда. Яғни, күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстар жүргізіп, адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады