Қарақұрт шапқыншылығымен күрес қалай жүргізілуде

16:04, 23 шілде 2024

© Сурет: Леонид Ким, ҚР БҒМ Зоология институты

Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдің құмды аудандарда улы өрмекшілердің шабуылы күннен-күнге өршіп барады. Қарақұрттың саны биыл бірнеше аудандарда күрт өскен. Бүгінде жәндіктер жануарларды қойып, адамдарға да шабуылдай бастаған. Толығырақ Zakon.kz материалында

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында қарақұрт 485 түйені шаққан. Оның 90-ы өліп, 306 жануар тірі қалған. Сондай-ақ, 89 бас мал қарқынды емделуде.

Қарақұрт шапқыншылығымен күрес қалай жүргізілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 16:04

Сурет: Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Zakon.kz тілшісі қарақұрт шапқыншылығының неден өрбігенін және мәселені шешудің қандай жолдары бар екендігін білмек болып, мамандарға жүгінді. Бүгінде еліміздің бірқатар аймақтарында, әсіресе Атырау облысында жағдай күрделенуде. Сондай-ақ, Қызылорда, Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарынан да шағымдар келіп түсуде.

ҚР БҒМ ҒК Зоология институтының арахнология және басқа да омыртқасыздар зертханасының меңгерушісі Айдын Есжановтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселенің шешімі жоқ.

"Жалпы алғанда шешім жоқ. Өйткені қарақұрттың өршуінің алдын алу онымен және оның салдарымен күресуден оңай", - деді зоолог.
Қарақұрт шапқыншылығымен күрес қалай жүргізілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 16:04

Сурет: Айдын Есжанов, ҚР БҒМ Зоология институты

Маман мұндай өткір жағдайларға тап болмас үшін елімізде отандық сарысуды әзірлеумен айналысу қажет екеніне сенімді. Бұл қауіпті өрмекшінің шағуынан зардап шеккен адамдар мен жануарларды емдеу үшін қажет болады.

Сонымен қатар, қарақұрттың санын бақылау және оның күрт өсуінің алдын алу, сондай-ақ оның салдары үшін іс-шаралар жоспары қажет.

Зоолог қарақұрт санының өршуін болдырмау үшін қажетті шараларды атады:

  1. өрмекшінің санын бақылау, кокондары мен ұяларын жою және елді мекендердің айналасында буферлік аймақтар құру қажет;
  2. елді мекендердің ішінде қарақұрт болуы мүмкін жерлерде өңдеу үшін инсекто-акарицидтік препараттарды пайдалану;
  3. қарақұрт мекендейтін аймақтарды оқшаулау, өртеу шараларын жүргізу;
  4. қарақұрт шағуына барынша бейім халықтың санаттары арасында (ауыл халқы, шопандар, маусымдық жұмыскерлер, аңшылар, балықшылар, туристер және т. б.) түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Атырау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, қазір жергілікті ветеринарлар күн сайын иелерінің есебінен улы өрмекші шағып алған жануарларды емдеуде. Өлген мал иелеріне 65 млн 211,2 мың теңге көлемінде залал келтірілді.

Қарақұрт шапқыншылығымен күрес қалай жүргізілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 16:04

Сурет: Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ведомство ауқымын бағалай отырып, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне қауіпті өрмекшіден қорғау немесе оны жою жөнінде шаралар қабылдау және қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар тізбесіне енгізу туралы хат жолдады.

Қазіргі уақытта Атырау облысының әкімдігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен жауап күтуде.

Қарақұрт шапқыншылығы қайдан пайда болды

ҚР БҒМ ҒК Зоология институтының арахнология және басқа да омыртқасыздар зертханасының меңгерушісі Айдын Есжановтың айтуынша, биылғы көктемдегі қарғын су, жағдайдың ушығуына алып келген бірден-бір фактор.

"Атырау облысы әуелбастан қарақұрттардың мекені. Өйткені олар құрғақ дала, шөлдер мен шөлейттерде тіршілік етеді. Менің ойымша, көктемгі су тасқыны мен одан кейінгі күннің күрт жылынуынан жәндіктер лезде тірілген. Сондай-ақ, жайлы-жылы қыстың да әсері бар". Айдын Есжанов

Ол бұл тек болжам екендігін, нақты себептерді анықтау үшін мұқият зерттеу қажеттігін қоса айтты.

Қарақұрт шапқыншылығымен күрес қалай жүргізілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 16:04

Сурет: Айдын Есжанов, ҚР БҒМ Зоология институты

Бұған дейін Атырау облысында осы улы жәндіктің шағуынан алты адам жансақтау бөлімінде жатқандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!