Қарағандыдан Жезқазғанға бара жатқан әйелдің пойызда тосыннан толғағы қысып, қызды болды

© Сурет: "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
5 желтоқсанда сағат 11:17-де №66 жолаушылар пойызының қызметкерлері баланың дүниеге келуіне көмектескен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан теміржолы" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағандыдан Жезқазғанға күйеуімен бірге бара жатқан жүкті әйелдің тосыннан толғағы басталған.
Пойыз бастығы Индира Құлмаханованың сөзіне қарағанда, қызметкерлер нұсқаулық бойынша әрекет еткен. Олар пойыз жүргізушісіне дереу хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырған.⠀
Жолсеріктер Жезқазған станциясына жеткен соң әйел мен оның жаңа туған қызын жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Ата-ана нәрестенің есімін Арай деп қойған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 3 ақпан 2023
Алматы облысындағы сот ғимаратынан жарылғыш зат табылмады
-
22:27, 3 ақпан 2023
Қызылорда облысының тұрғындары екі қой ұрлап, оны сойып алған
-
21:56, 3 ақпан 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
-
21:06, 3 ақпан 2023
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар елдегі цифрландыру үдерісін дамытуға ниетті
-
21:00, 3 ақпан 2023
Жамбыл облысында Мемлекет басшысы қолөнершілер көрмесін аралап көрді