Қарағандыда жүйкесі бұзылған адамдарға жүргізуші куәлігі берілген

09:20, 23 мамыр 2017

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің тіркеу-емтихандық бөлімін тексерген прокуратура органдары онда жүйке жүйесі аурулары диспансерінде есепте тұрған адамдарға жүргізуші куәлігінің берілгендігін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Тексеру барысында жүйке жүйесі аурулары диспансерінен жалған медициналық анықтама алып келген адамдарға жүргізуші куәлігін беру бойынша үш факті анықталды.

«Қазыбек би аудандық прокуратурасының жүргізген тексеруінің қорытындысы бойынша, арнайы медициналық мекемеде есепте тұрған үш азаматқа автокөлік құралдарын жүргізуге берілген жүргізуші куәлігін сот тәртібінде жою үшін ішкі істер органына заңдылықты бұзғаны туралы ұсыныс шығарылды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу барысы прокуратураның бақылауында.

Фото: inform.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!