Қарағандыда жанармай бекетіне жай түсіп, жарылыс болды

15:29, 13 шілде 2018

Қарағандыда автожанармай құю стансаларының біріне найзағай түсіп, жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс 12 шілдеде болған. Қатты тарс еткен дауыс шығып, жанармай бекетінің тас-талқаны шыққан.

Қарағанды облыстық ТЖД-да хабарланғандай, 12 шілдеде 15:43-те Совхозная көшесінің бойындағы «Вита Марс» автожанармай құю стансасына найзағай түскені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына 5 техника мен өрт сөндірушілер және құтқарушылардан құралған 24 адам барған.

Оқиға орнында найзағай соғуы салдарынан 4 жанармай құю бағанының қирағаны анықталған.

«Өрт сөндірушілер жанармай құю бағандары мен жанар-жағармай материалдарын сақтайтын ыдыстарды салқындату жұмыстарын жүргізді. Өрт болған жоқ», - деп түсіндірді ведомствода.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!