Қарағандыда полицейлер куәгерді азаптағаны үшін бас бостандығынан айрылды

12:50, 26 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қарағандыда екі полиция қызметкері азаптау үшін сотталды. Бұл туралы 2024 жылғы 26 желтоқсанда өңір прокуратурасының ақпаратынан белігілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді.

Анықталғандай, азамат тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылған. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген.

Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен 3 жылға бас бостандықтарынан айырды.

Сотталғандар "полиция капитаны" арнайы шенінен айырылды. Оларға Жәбірленушлердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.

Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Бұған дейін ШҚО-да балалар үйінің түлегі әкімдіктен өз баспанасын қайтарып алғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!