Қарағандыда өртенген үйден 68 адам құтқарылды

11:13, 16 наурыз 2018

Қарағандыдағы 16 қабатты үйдегі қызыл жалынның шығуына газ және ауа аралас өрттің шығуы себеп болған, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ ТЖК-не сілтеме жасап.

Қарағандыда Республика даңғылының бойында 16 қабатты тұрғын үйде 15-ші наурыз күні сағат 17.12-де өрт шықты. Оған газ жарылысы себеп болған, салдарынан екінші қабатта орналасқан пәтердегі 4 текше метр жердегі үй жиһазы жанған.

Өрт сөндірушілер 68 адамды құтқарды, оның 13-і балалар. Өрт сағат 17. 44-те ауыздықталып, сағат 17.50-де толығымен өшірілді. Қызыл жалынға қарсы 66 өрт сөндіруші мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!