Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленді

09:04, 8 қазан 2024

© Сурет: Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағанды облысының прокуратурасы 30 килограмнан астам есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 8 қазанында Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады.

Күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды.

Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!