Қарағандыда әйелдің өлі және полицейдің ес-түссіз күйде табылуына қатысты Сәденов: Бұл - ұят жағдай...
© Фото: zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2025 жылғы 13 қазанда ведомство дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қарағандыдағы полиция учаскесінде өлі күйдегі қыз бен ес-түссіз жатқан майордың табылуы жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер бұл факт бойынша полицияның қандай нұсқаларды қарастырып жатқанын сұрады.
"Тағы бір мәрте еске салғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жағдайды жақсы деп айта алмаймын, полицейге қандай да бір нәрсе бойынша күдік келтірілуі ұят жағдай", деп атап өтті Ержан Сәденов.
Ол бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және полицейлер әртүрлі нұсқаларды тексеріп жатқанын еске салды.
"Тергеудің толыққанды жүруін қамтамасыз етеміз, бұл іс менің жекелей бақылауымда. Оның үстіне, адамның өлімі және полиция қызметкері болуы, бұл әрине жақсы емес. Сондықтан, алғашқы минуттардан бастап, біз бұл істі бақылауға алдық. Тергеу шаралары жүргізілуде, сондықтан қосымша мәліметтер белгілі бола салысымен, оны міндетті түрде жариялайтын боламыз. Көптеген нұсқалар бар", - деп сөзін түйіндеді ІІМ басшысы.
2025 жылдың 1 қазанында Қарағандының кезекшілік пункттерінің бірінен өлі күйдегі әйел мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды. Сол кезде ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов тергеуге Өзіндік қауіпсіздік департаменті тартылғанын мәлімдеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:41, 26 шілде 2026
Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті
-
17:06, 26 шілде 2026
27 шілдеде елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі
-
16:39, 26 шілде 2026
Жазушы, тарихшы Жұмабай Доспанов дүниеден озды
-
16:09, 26 шілде 2026
Роскосмос ғарышкерлері мен NASA астронавты Жезқазған маңына сәтті қонды
-
15:48, 26 шілде 2026
Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр





