Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті
© Сурет: Zakon.kz
Ауа райының күрт өзгеруі және жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамауы салдарынан өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның бірінде жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қазанда сағат 19.00 шамасында Липецкая көшесінде қоғамдық көліктің жүргізушісі көктайғақ салдарынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
"Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды", делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ Шахтинск және Теміртау қалаларында болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам ауруханаға жеткізілді. Тәулік ішінде тіркелген қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдың тайғақ кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Өткен түнде елордада 140-тан астам жол апаты болып, 12 адам зардап шеккен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті