Қарағанды облысында бет-жүзді жабатын киімдерге қатысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда
© Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дін істері басқармасы және білім басқармасымен бірлесіп, ҚР заңнамасының талаптарын түсіндіруге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатыр.
Іс-шаралар қоғамдық орындарда тұлғаны сәйкестендіруге кедергі келтіретін киім киюге жол бермеу жөніндегі нормаларды түсіндіруге бағытталған.
Профилактикалық кездесулер мен түсіндіру әңгімелері барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама нормалары жеткізіліп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабының талаптары түсіндірілуде.
Аталған бап қоғамдық орындарда адамның бетін тануды қиындататын киім-кешек кию үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылуда.
Азаматтармен заң талаптарын құрметтеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша белгіленген нормаларды бұзғаны үшін 8 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар 47 әйелмен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен оларды бұзғаны үшін көзделетін жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді. Барлық қатысушыларға алдағы уақытта қоғамдық орындарда тұлғаны сәйкестендіруге кедергі келтіретін киім кию фактілеріне жол бермеу ұсынылды.
Полиция заңнама талаптарын сақтау қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің, азаматтардың қауіпсіздігін қорғаудың және құқық қорғау органдарының тиімді жұмыс істеуінің маңызды шарты екенін еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:25, 23 маусым 2026
Астанада 13 қабатты тұрғын үйде өрт шықты
-
12:16, 23 маусым 2026
«Алтын отызжылдықтың» жаңа кезеңі: Қазақстан мен Қытай қандай келісімге келді
-
12:06, 23 маусым 2026
Атырауда «Автобус» іс-шарасы барысында 30-дан астам көлік айып тұрағына қойылды
-
11:53, 23 маусым 2026
Францияда ыстықтан 18 адам қайтыс болды
-
11:47, 23 маусым 2026
Дәрігерлер: Қазір балалардың сүйегі әлсіз





