«Қар жауып, бұрқасын жүреді». Сейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: pixabay
2026 жылы 20 қаңтарда Астана мен еліміздің 12 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда 20 қаңтарда күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ болып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың тау асуларында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкент және Түркістан қалаларында 20 қаңтарда тұман болатыны болжанады.
Түнде және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 20 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде және орталығында да тұман болатыны болжанады.
Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда 20 қаңтарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүретіні болжанады.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз болады деп күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда 20 қаңтарда тұман болатыны болжанады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз сақталады, ал Өскеменде 20 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз болады деп күтіледі.
Астанада 20 қаңтарда кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Алматыда және Қонаевта да 20 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болатыны болжанады.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 20 қаңтарға арналған ауа райының жалпы болжамымен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 19 қаңтар 2026
Valentino сән үйінің негізін қалаушы Валентино Гаравани дүние салды
-
22:06, 19 қаңтар 2026
Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды
-
21:49, 19 қаңтар 2026
Иерусалимде жеке балабақшада белгісіз қауіпті зат ауаға тарап, екі сәби көз жұмды
-
20:58, 19 қаңтар 2026
«Сергек» камерасына оқ атқан жамбылдық ірі айыппұл арқалады
-
20:49, 19 қаңтар 2026
Өскеменнің бір бөлігі аязға байланысты сусыз қалды: әкім жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді





