Қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін: ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі (ІІМ) 2026 жылғы 23 қыркүйекте ата-аналар мен балаларға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның айтуынша, кейде баланың ойланбай жасаған әрекеті мен ауыр жағдайдың арасы бірнеше секунд қана болуы мүмкін. "Жүгіріп өтіп үлгеремін", "Жай ғана қорқытқым келді", "Ол маған тиісті, сондықтан жауап қайтаруым керек болды" деген сәтте ешкім оның немен аяқталатынын ойлай бермейді.
Алайда көлік бірден тоқтай алмайды. Жанжал да әп-сәтте бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Ал қолға "жай ғана" алынған зат қарапайым кикілжіңді қайғылы жағдайға ұластыруы ықтимал. Кейін сол бір секундты кері қайтарып, басқаша әрекет ету мүмкін болмайды.
"ІІМ еске салады: күш дегеніміз – тәуекелге бару, жауап ретінде соққы беру немесе өзіңнің дұрыс екеніңді дәлелдеу емес. Нағыз күш – дер кезінде тоқтай білу, шегіну, арандатуға ермеу және өз әрекетіңнің салдарын ойлау", – делінген министрліктің үндеуінде.
Ата-аналарға мына жайттарға көңіл бөлу ұсынылады:
- балалармен осындай жағдайларды жиі талқылау;
- не істеуге болмайтынын түсіндірумен қатар, оның ықтимал салдарын айту;
- эмоцияға берілмей тұрып шешім қабылдауға үйрету;
- баланың кімдермен араласатынын білу, көңіл күйіне қызығушылық таныту және өзімен бірге қандай заттар алып жүретініне назар аудару.
"Егер қандай да бір мәселе туындаса, жағдайды жасырмай, дер кезінде көмекке жүгіну маңызды", – деп толықтырды ведомство өкілдері.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, бірнеше секунд ішінде қабылданған дұрыс шешім денсаулықты, болашақты, тіпті өмірді сақтап қалуы мүмкін.
Оқу жылы басталар алдында министрлік ата-аналар мен педагогтерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырған еді. Ал сабақ басталғаннан кейін ведомство мектеп оқушылары бейнеленген, желіде тараған кадрларға назар аударды: бір видеода балалар оқу орнының ішінде самокат тепсе, екіншісінде сабақтан қашып жүргені көрінген. Кейін бұл оқиғалардың Қазақстанда болмағаны анықталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 23 қыркүйек 2026
Президент Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады
-
10:18, 23 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық соттың судьяларын тағайындады
-
10:02, 23 қыркүйек 2026
Доптың соңынан барған: Астанада жеті жасар бала құтқарылды
-
09:53, 23 қыркүйек 2026
«Қан тамырларына ұқсайды»: Алматы тауларының үстіндегі сирек найзағай кадрға түсті
-
09:46, 23 қыркүйек 2026
Астанада электрондық жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті





