Астанада электрондық жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті

09:46, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568338

© Сурет: Астана қаласының ТЖД

Астананың Сарайшық ауданында электрондық жүйесі істен шыққан кроссовер Есіл өзеніне түсіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда Төтенше жағдайлар департаментінің 23 қыркүйектегі мәліметінше, жүргізуші мен жолаушы көліктен өз бетімен шығып үлгерген. Ал көлікті судан шығару үшін құтқарушылар шақырылған.

"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы келді. Сүңгуірлер су астындағы жағдайды тексергеннен кейін көлік кранның көмегімен өзеннен шығарылды", – деп хабарлады департамент.

Көлік иесі құтқарушыларға жедел көмегі үшін алғыс айтты.

Бұған дейін Алматыда Медеу маңында таудан түсіп келе жатқан жастар аюдың ақырғанына ұқсас дыбыс естіп, жолын жалғастыруға батпаған. Оларға құтқарушылар көмекке келген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!