Алматы тұрғындары Қырғызстанда болған жер сілкінісін сезді
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 12 тамызда Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала тұрғындары жерасты дүмпулері туралы EMSC сайтына пікір қалдырған. Бірі дүмпудің өте әлсіз болғанын айтса, енді бірі оның бірнеше секундқа созылғанын жеткізді.
- "Өте әлсіз дүмпу болды".
- "Алматыда жеңіл дүмпулерді сездім".
- "Алматыда тоғызыншы қабатта анық сезілді".
- "Бірнеше секунд бойы дүмпуді сездім".
- "Бірнеше рет шайқалды".
- "Алматыда бесінші қабатта баяу әрі ұзақ шайқалды".
- "Айтарлықтай әрі ұзақ тербелді".
- "Ештеңе сезбедім".
- "Үстелге сүйеніп отырғандықтан, оның аздап қозғалғанын сездім. Бірақ аспашам қозғалған жоқ деуге болады. Үстелге сүйеніп отырмасам, жер сілкінісін сезбес едім".
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісі туралы ақпаратты растады. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, магнитудасы – 5,2.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі де жерасты дүмпулеріне қатысты түсініктеме берді.
Жер сілкінісі сағат 12:14-те тіркелген. Алматыда оның сезілу күші 2 балл болды.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 12 тамыз 2026
Миллиондаған қазақстандықтың деректері даркнетке тарап кетті ме: министрлік түсініктеме берді
-
12:58, 12 тамыз 2026
Салықтық әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба сыртқы жарнамаға кеңейтілді
-
12:31, 12 тамыз 2026
Қазақстандық әйел құрсақтағы баласын сатуға қойған
-
12:28, 12 тамыз 2026
Алдағы қыста Украинаның жағдайы қандай болмақ - Германиялық БАҚ болжам жасап көрді
-
12:14, 12 тамыз 2026
«Қайрат» құрамасы Чемпиондар лигасынан шығып қалды: Рафаэль Уразбахтин ойынға пікір білдірді





