«Қандас» мәртебесі «бір терезе» қағидасымен беріледі

12:32, 27 қаңтар 2020

Қандастарды қолдауды одан әрі жалғастыру мақсатында биыл әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралар кешенінің нақты пайымдауын жасау керек, деді ҚР Ақпарат және қоамдық даму министрлігі коллегиясының отырысында Дәурен Абаев, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, біріншіден, Отандастар форумын және Шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайын жоғары деңгейде өткізу қажет.

- Екіншіден, 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-кластарын және кемінде 7 елде қазақ мәдени-іскерлік үйлерін ашу керек. Үшіншіден, "қандастар" мәртебесін бір терезе қағидасы бойынша беруге арналған қызметті іске қосу қажет, деді Абаев.

Министр сондай-ақ вице-министр Марат Әзілхановқа ағымдағы жылы конфессияаралық және этникааралық қатынастар саласындағы барлық міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!