Заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілгеннен кейін ауыл әкімдері 11 функциясынан айырылады
© Сурет: pixabay
Премьер-министр Олжас Бектенов өзіне келіп түскен депутаттық сауалға жауап бере отырып, ауыл әкімдерінің функцияларына қатысты жүргізілген талдауды сөз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, облыстық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің функцияларын кешенді талдау шеңберінде 17 кодекстің және 100-ге жуық заңның ережелері талданды.
"Оның қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдеріне жүктелген 170-ке жуық функция анықталды. Ауылдық округ әкімдерінің қызметі, бірінші кезекте, елді мекендерді абаттандыруға, санитариялық жағдайды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді үйлестіруге бағдарланған. 2025 жылғы желтоқсанда ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен Үкімет деңгейінде бірқатар кеңестер өткізілді", делінген депутаттық сауалға берілген жауапта.
Талқылау шеңберінде ауылдық округ әкімдерінің құзыретіне жатпайтын 11 функцияны алып тастау ұсынылды, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан және пробациядағы адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау, денсаулық сақтау ұйымдарының стационарларында жатқан науқастарды тұрғылықты жеріне тасымалдауды ұйымдастыру және басқалары бар.
Әзірленген түзетулер ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде пысықталатын болады.
Бұған дейін президент мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ауыл әкімдерінің мәртебесін жан-жақты қарастыруды тапсырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:29, 16 ақпан 2026
17 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауатыны болжанады
-
18:22, 16 ақпан 2026
Ауыл әкімдерінің бюджетіне келіп түскен түсімдер саны аталды
-
18:01, 16 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
18:00, 16 ақпан 2026
Жаңа Конституция жобасы шет мемлекеттер мен халықаралық институттардың өкілдеріне таныстырылды
-
17:19, 16 ақпан 2026
Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады





