Қалмұханбет Қасымов қызметінен кетті

12:08, 30 шілде 2021
124

© Сурет: businessfm.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында туған.

Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қасымов тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы болып бастады.

1992 жылы Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облыстық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

1997 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің бастығы.

Сол жылы Алматы қалалық ішкі істер басқармасының бастығы.

2003 жылдан бастап Алматы облыстық ішкі істер департаментінің ішкі істер бас басқармасының бастығы;

2005 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі, вице-министрі;

2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы;

2011 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі.

2019 жылдың 12 ақпанынан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2020 жылдың 16 қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір