Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

© Сурет: Zakon.kz
Қайрат Сатыбалдыұлы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастыру, жылыстату фактілері бойынша өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы анықталды. Ол - бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры болып табылатын 1983 жылғы Қазақстан азаматы Эфенди Кемаль.
Эфенди кеден саласындағы мәселелерді шешумен, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастырып, жылыстатумен айналысқан. Осы мақсатта оған Сатыбалдыұлы шоттардан ақша шешіп алуға сенімхат берген. Мысалы, 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айы аралығындағы үш күн ішінде Эфенди тек бір эпизод бойынша Сатыбалдыұлының жеке шотынан 37 млрд теңге және 62 млн доллар ақшаны шешіп алған.
2022 жылдың ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тысқары аумақта жасырынып, қылмыстық қудалау органына келіп, жауап беруден жалтарып жүр. Оның заңға қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша сараланып, оған іздеу жарияланды. Антикор
Сотқа дейінгі тергеу шаралары ары қарай жүргізіле береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:23, 24 қыркүйек 2023
Іле Алатауында адасып кеткен екі жасөспірім аман-есен табылды
-
17:12, 24 қыркүйек 2023
25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
-
16:56, 24 қыркүйек 2023
Кентауда мұғалімдер екі ай бойы жалақысыз жұмыс істеп келген
-
16:50, 24 қыркүйек 2023
Діни дәстүршілдік, гуманистік рационализм: Şam театры екінші маусымын «Иран конференциясы» спектаклімен ашады
-
16:07, 24 қыркүйек 2023
Азия ойындарында Қазақстан Париж Олимпиадасының екінші лицензиясына қол жеткізді