Кафель секілді жылтырайды: алматылықтар жаңа жаяу жүргіншілер жолын сынға алды
© Фото: Zakon.kz
Соңғы айларда Алматының бірқатар ауданында қоғамдық кеңістіктерді, соның ішінде жаяу жүргіншілер жолдарын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда төселген жаңа тақтаның қыста тайғақ болуы мүмкін екені қала тұрғындарын алаңдатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде осы мәселеге қатысты жазбалар жарияланды. Алматы тұрғындары қыста жаңартылған тротуарлармен жүру мүмкін болмай қалуы ықтимал екенін айтты:
- "Тимирязев көшесіне төселген жаңа тақта қыста қаншалықты қауіпсіз болады деп ойлайсыздар?
- Шамдардың жарығына шағылысып, кафель секілді жылтырап тұр. Қыста тайғақ болмайтынына сенімдісіздер ме?"
- "Ол қыста ғана емес, жаңбыр жауған кезде де жыл бойы тайғақ болады".
- "Жарақат пункттері, рентген кабинеттері мен стационарлар қазан айынан бастап дайын отыруы керек".
- "Астанада мұндай тақта тайғақ".
- "Мұз қатқан кезде нағыз сынақ басталады. Көпшіліктің құйымшағы мен тізесі сынуы мүмкін".
- "Қыста осы тақтамен жүруге қатты қорқамын".
- "Әрине, тайғанақ болады".
Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы тұрғындардың алаңдаушылығына жауап берді. Ведомство мәліметінше, қазір кешенді талдау негізінде қаланың көлік қаңқасы мен жаяу жүргіншілер-көлік байланыстарын қайта ұйымдастыру және қалыптастыруды ескере отырып, Тимирязев көшесінің Жандосов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі аумағын қайта жаңғырту мастер-жоспары жүзеге асырылып жатыр.
"Жоба аясында қолданылып жатқан жабын жобалық шешімдерде қарастырылған және Алматы қаласының климаттық жағдайларын ескере отырып, жаяу жүргіншілер аймақтарында пайдалануға арналған. Жабын бетінің жылтырап көрінуі оның тайғақ екенін білдірмейді. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік жабынның нақты сырғанауға қарсы қасиеттеріне, сондай-ақ қар жауып, көктайғақ пайда болған кезде жаяу жүргіншілер аумағының тиісті деңгейде күтіп ұсталуына байланысты", – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.
Басқарма қар жауып, көктайғақ болған жағдайда аумақты қысқы күтіп ұстау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
2026 жылдың жаз айының басында қаланың кейбір аудандарындағы көшелердің бойына қоршаулардың орнатылуы да алматылықтарды алаңдатқан еді. Сол кезде әкімдік бұл аумақтарда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның ішінде жаяу жүргіншілер аймақтарын салу, кеспетас төсеу, ауқымды көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, заманауи сыртқы жарықтандыру бағандарын қою және абаттандыру элементтерінің бірыңғай дизайн-кодын енгізу қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:35, 28 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуына қатысады
-
10:25, 28 тамыз 2026
18 көлік, пәтерлер мен жүздеген миллион теңге тәркіленді: ірі қаржы пирамидасына қатысты іске нүкте қойылды
-
10:15, 28 тамыз 2026
Дастан Сатпаев Англия лигасы кубогынан шығып қалғаннан кейін пікір білдірді
-
10:08, 28 тамыз 2026
Қазақстанда есірткі тұтынғаны үшін жазаны өзгерту жоспарланып отыр
-
09:57, 28 тамыз 2026
Қазақстанда ұялы телефондарды верификациялау және тіркеу рәсімдері ажыратылады






