Итбалықтардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғау қажет - сарапшы

10:57, 25 қараша 2024

© Фото: pexels

Каспиде қырылған итбалықтардың шығыны шамамен 1,5 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес бір итбалықтың құны 193 айлық есептік көрсеткіш немесе 712 556 теңге.

Егер бұл соманы өлген жануарлардың санына яғни екі мыңға көбейтсек, залал 1,42 миллиард теңгеден асуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Тіпті, бір жануардың өлімі қылмыстық іс қозғауға себеп. Ал бұл жерде жаппай қырылды, сондықтан жағдайды жедел тергеу қажет, — дейді сарапшы.

Айта кетейік, Каспий теңізінің Маңғыстау облысы аумағында 2 мың итбалықтың өлексесі табылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!