Италия жағалауынан 2000 жылдық тарихы бар ғибадатхана табылды

10:10, 24 қазан 2024

© Сурет: M Silani/Cambridge University Press

Археологтар Италияның Поззуоли қаласының жағалауынан 2000 жылдық тарихы бар ғибадатхананың қирандыларын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдар оны набатейлер – Иорданиядағы әйгілі Петра қаласын құрған көшпелі араб тайпалары салған деп болжайды. Бұл ежелгі өркениет "Индиана Джонс және соңғы крест жорығы" фильмінде айтылған.

Діни ғибадатхана тікбұрышты жобадағы және қабырғалары римдік стильде жасалған екі бөлмеден тұрады. Сондай-ақ, латын жазуларымен Dusari sacrum сөзі ойылып жазылған, бұл "Душарға арналған" дегенді білдіреді. Айта кетейік, Душар набатейлердің құдайы.

Ғимараттың қирандылары Поззуоли жағалауынан шамамен 46 метр қашықтықта табылған, бұл жер бұрындары тауарларды тасымалдайтын римдік кемелер үшін маңызды порт болған. Аймақтағы жанартау ежелгі қабырғаларды лава қабаттарымен жауып тастаған.

Бұған дейін Қытайда 5 мың жыл бұрын жерленген "билеушінің" қабірі табылғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!